Ауа райына байланысты жеті облыста ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты жеті облыста ескерту жарияланды

Еліміздегі жеті облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aikyn.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 10 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Орал қаласында: 10 қаңтарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 10 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Павлодар облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, оңтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.