Нұр-Сұлтанда бес баланы құтқарған сарбаз марапатталды
Нұр-Сұлтанда бес баланы құтқарған сарбаз марапатталды
5,101
оқылды
Нұр-Сұлтанда бес баланы өрттен құтқарған сарбаз марапатталды. Ұлттық ұлан күні қарсаңында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үздік қырынан танылған әскери қызметшілерді құттықтап, медальдар мен құрмет грамоталарын табыс етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz "Балаларды өрттен құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанкештілігі үшін ведомство басшысының бұйрығымен ефрейтор Темірлан Әмірғазин "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медальмен марапатталды", – делінген хабарламада. Жақында Нұр-Сұлтанда сарбаз бес баланы өрттен құтқарып қалған болатын. Ол өрт шыққанын дүкенде тұрған кезде кездейсоқ білген.