Жүк көлігі Мерседес-ті жолдың арғы бетіне лақтырып жіберді
Жүк көлігі Мерседес-ті жолдың арғы бетіне лақтырып жіберді
81
оқылды

Алматыда Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің жанында көлік қақтығысы болды.

"Вольво" жүк көлігі Райымбек даңғылымен батысқа қарай бара жатқан. Жолдың сол қатарында келе жатып «мерседес» оң жақтан келгенін байқамаған. Содан жүк көлігінің жүргізушісі жолақты оң жаққа ауыспақшы болғанда жеңіл көлікті іліп әкеткен. Содан "мерседес" жүк көлігінің алдынан түскені сол, қатты соққыдан арғы беттегі аллеяға бірақ шыққан.

Жарақат алғандар жоқ. Жол-көлік оқиғасының барлық жағдайын жол полициясы қызметкерлері анықтайды.