Өлгендердің тізімінде жүрген қазақстандық

Өлгендердің тізімінде жүрген қазақстандық

Ол өзінің тірі екенін дәлелдеп жүргеніне бір ай болған.

Игорь Николаев Халыққа қызмет көрсету орталығына анықтама алуға барып, өзінің өмірден өткенін білген. Бірақ салық комитетінде ол салық төлеуші ​​ретінде әлі күнге дейін тірі деп саналуда.Осының кесірінен ол жұмысқа да тұра алмай жүр. Өзінің қайтыс болғандардың тізімінен шығару үшін қаншама мекеменің табалдырығын тоздырды. Оның осы құжатты реттеумен сандалып жүргеніне бірнеше апта болған. Алайда бұл ісінен ешқандай нәтиже болар емес.

Ол өзінің өлгені туралы алғаш рет 2016 жылы білді. Сол кезде ол мәліметтер базасының қателігін түзеу үшін қажетті құжаттарды жинап, өткізген. Сөйтіп, бәрі реттеліп, оқиға ұмытылған болатын.

Жақында басқа жұмысқа ауысуына байланысты құжаттарын жинастырып жүргенде, бұл жағдай алдынан қайтадан шыққан. Онда да Халыққа қызмет көрсету орталығына сотталмаған деген анықтаманы алу үшін барып, өзінің бұ дүниеде жоқ екенін естіген.

https://youtu.be/vzQPWMVtO4s