Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Қазақстан азаматы – Аделина Алпамыс. Ол Оңтүстік Кореядағы Корё университетінде оқиды.Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанның Жапония және Корея Республикасындағы елшіліктері жанындағы сайлау учаскелері де ашылды. Токиодағы №261 және Сеулдегі №258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін ашылды.