Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов хабарлады.
Еліміз бойынша Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар 12 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 12 учаскеде дауыс беру басталды.
Жалпы, 10 060 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде, 66 сайлау учаскесі 53 шет мемлекеттегі өкілдіктер жанында жұмыс істеп жатыр.
Асылбек Смағұловтың айтуынша, Сайлау туралы заңға сәйкес, аймақтағы сайлау комиссияларының шешімімен 47 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды.