Үлгілі ұжым қуанышына ортақтасты
Үлгілі ұжым қуанышына ортақтасты
244
оқылды

Елбасы Н.Назарбаев ERG компаниясының 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Ол компанияның қалыптасуы ел Тәуелсіздігінің дамуымен байланысты екеніне назар аудартты.

Тұңғыш Президент азаттық­тың ақ таңында отандық кә­сіпорындарға көптеген қиын­дықтарды еңсеруге тура кел­­ге­нін әңгі­меледі.

Нұрсұлтан Назарбаев ком­панияның әлеуметтік жо­баларды жүзеге асырудағы қызметін атап өтті.

– Баспана, мектеп, аурухана, спорт ғимараты және басқа да инфрақұрылымдық жобалар тұрғызылуда, – деді Елбасы.

Ол жаһандық сын-қа­тер­­лерге жеке тоқталды. Се­бебі олар қазақстандық кәсіп­орын­дардан ары қарай дамудың жаңа шешімін талап етеді.

– Өмір бір орында тұрмайды. Барлығы ілгері жылжуда. Цифрлық экономика дәуіріне аяқ басып жатырмыз. Жасанды зерде жаппай енгізіледі. Осының барлығы жаңа озық тәжірибені қажетсінеді. Ол бәсекеге қабі­лет­тілікті сақтау үшін керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы барша қазақ­стан­дықтар Отан игілігі үшін еңбек етіп жатқанын айтты.

– Біз болашақ ұрпақ үшін елді өркендетудеміз. Тәуел­сіздікті жариялау – бір, ал оны ұстап қалу – басқа іс. Осы мақ­сатта біз экономиканы да­мытуға тиіспіз, – деп түйген Н.Назарбаев қатысушыларға жетістіктер тіледі.


Ерік ЕРДЕНОВ