Астанада сайлау қалай өтіп жатыр?
Астанада сайлау қалай өтіп жатыр?

Қазақстанда сайлау санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде.

Астана қаласындағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өтіп жатқан сайлауға келгендер арнайы тексеруден өтіп жатыр.    width=   Әр сайлау учаскесінде пандемияға байланысты антисептик, қолғаптар қойылған.  width=    width=  

Сайлау учаскесіндегілер арақашықтықты сақтауға міндетті. 

   width=

Биыл сайлауға әр адам өзі қаламсап алып келуі тиіс. Алып келмеген жағдайда учаскеде қаламсап беріледі.

 width=  width=

Биыл пандемияға байланысты сайлау барысын бақылайтын бақылаушылар арнайы әйнекпен бөлінген аймақта отырды.  width=

Бұған дейін бүгін сайлауда ең бірінші кім дауыс бергенін жазған болатынбыз.

Фотоларды түсірген: Айтжан Мұрзанов