Астанада сайлау қалай өтіп жатыр?

Астанада сайлау қалай өтіп жатыр?

Қазақстанда сайлау санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде.

Астана қаласындағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өтіп жатқан сайлауға келгендер арнайы тексеруден өтіп жатыр.     Әр сайлау учаскесінде пандемияға байланысты антисептик, қолғаптар қойылған.    

Сайлау учаскесіндегілер арақашықтықты сақтауға міндетті. 

 

Биыл сайлауға әр адам өзі қаламсап алып келуі тиіс. Алып келмеген жағдайда учаскеде қаламсап беріледі.

Биыл пандемияға байланысты сайлау барысын бақылайтын бақылаушылар арнайы әйнекпен бөлінген аймақта отырды.

Бұған дейін бүгін сайлауда ең бірінші кім дауыс бергенін жазған болатынбыз.

Фотоларды түсірген: Айтжан Мұрзанов