Ұсақ кәсіпкерлер үш салықтан босатылды
Ұсақ кәсіпкерлер үш салықтан босатылды
112
оқылды

Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен жал­­пы отырыста Сенат оңал­ту және банкроттық рәсім­де­рін жетілдіретін жаңа заң жобасын кемелі­не келті­ріп, түзету енгізіп, Мәжі­ліс­ке кері қайтарды. Құ­жат кәсіпкерге бұрын­ғы­дай сергелдеңге түс­пей, сәтсіз бизнесін тез жабуға мүмкіндік беруге тиіс.

«Кейбір заңнамалық акті­лер­ге оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заң­намасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» деген ұзын сонар атауы бар заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Жоғарғы палата түзе­тулеріне Мәжіліс келіссе, онда құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданбақ.

Сенатор Нұрлан Қылышбаев талқылау барысында жобаны пысықтай түсу қажет болғанын атап өтті. Мысалы, қолданыстағы Бюджет кодексі «Бюджет қара­жа­тын тиімсіз жоспарлағаны және тиімсіз пайдаланғаны үшін жа­уап­тылық» деген жаңа 104-1-бап­пен толықтырылды. «Қар­жылық орнықтылық сы­нып­тарын ай­қындау» деген жаңа 49-1-бап пайда болды. Дәрменсіз жағдайға жеткен кәсіпорынды уақытша басқарушыға төленетін негізгі сыйақы мөлшері белгі­ленбек.

Бұдан бұрын заң жобасының мән-маңызын депутаттарға Үкі­мет басшысының бірінші орын­баса­ры – Қаржы министрі Әли­хан Смайылов түсіндірген болатын.

Ұқсас жағдай оңалту сала­сын­да да қалыптасқан. Судьялар «борышкер төлем қабілеттілігін және ресурстарының барлығын дәлелдей алмады» деген себеп­пен көбіне оңалту рәсімін қол­данудан да бас тартады. Сал­да­рынан, кәсіпкер ескі бизнесін жоя ал­майды, жаңасын ашайын десе, бұрынғысының пробле­ма­лары адымын аштырмайды.

Осыған байланысты жаңа заң жобасы оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану үшін шарт­тарды жеңілдетуге, сондай-ақ рә­сімдерді жүргізу мерзімдерін қыс­қартуға және әрекетсіз бо­рыш­кер­ді жабуды жеңілдетуге бағытталған.

Мәселен, оған сәйкес бо­рыш­­кер 4 айдан астам міндет­те­месін орындай алмаса, оңалту рә­сімін қолдануға құқығы бар. Банкрот­тық­тың жаңа тетігі де оңайлау: егер борышкер қарыз­дары акти­вінен, дүние-мүлкінен аса берсе, бизнесін жабу туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқы­лы.

Бұған қоса, банкроттық рә­сі­мін өткізу мерзімі қысқарты­лады. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істе­мей­тін борышкер атаулының бәрін банкроттық рәсімін қоз­ғамай-ақ, жеңілдетілген түрде таратуға жол ашылады. Бұл ретте әкімшіні тарту да қажет болмай қалады.

Құжат кәсіпкерлерге тағы бір сыйлық жасайды: Президенттің тапсырмасы бойынша патент секілді арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкердің барлығы 2020 жыл­дан бастап корпоративтік табыс салығын, әлеуметтік салықты және бірыңғай жер салығын тө­леуден босатылады.

Қаржы министрлігінің дере­гінше, осы бастамалар қабыл­данғасын, бизнестің оңалту және банкроттық рәсімдерін қол­дануы қазіргіден 32%-ға арт­пақ. Сондай-ақ олардың мерзім­дерін 20% қыс­қарту және шы­ғындарын 40%-ке дейін ке­міту нәтижесінде Қазақ­станның Doing Business рей­тин­гіндегі орны жақсаруға тиіс.