Игі дәстүр жалғасты
Игі дәстүр жалғасты
5,163
оқылды

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның мемлекеттік наградаларын, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлық лауреаттарына диплом­дар мен төсбелгілерді салтанатты түрде тапсырды.

Бұл құрмет-қошеметке белгілі мәдениет, ғылым, білім, денсау­лық сақтау салаларының қайрат­керлері, өндірістік сала өкілдері ие болды.

Жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуы мен өркен­деуіне ерекше үлес қосқан аза­мат­тарды мемлекеттік наградалармен және сыйлықтармен марапат­тай­ды. Бұл игі дәстүрге айналған.

– Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар – сіздердің елі­мізді әлемдегі дәулетті, парасатты әрі бәсекеге қабілетті мемлекет­ке айналдырудағы жасампаз еңбек­теріңізге, білімдеріңізге, қажыр-қайраттарыңызға және сіңірген еңбектеріңізге берілген жоғары баға, – деді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы марапат иелеріне жаңа табыс мен жетістік тіледі.