Жамбылдық Тiк-Тоk жұлдызы Талдықорғанда ұсталды
Жамбылдық Тiк-Тоk жұлдызы Талдықорғанда ұсталды
139
оқылды

Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде әлеуметтік желіде танымал болған жамбылдық шопанды ұстады. Ол тамақтану орнында оқырмандарымен кездесу өткізіп, карантин талаптарын бұзған.

"9 қаңтарда Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде жасөспірімдер жиналған. Анықтау барысында осы нысанда Жамбыл облысының тумасы 200-ге жуық оқырманымен кездесу ұйымдастырғаны белгілі болды", - деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінің бапасөз қызметі. Блогерге қатысты материал жинақталып, шара қолдану үшін құжат Жамбыл облысы полиция департаментінің ювеналдық полициясы қызметкерлеріне жолданады. Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды бұзғаны үшін дәмхана иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.