Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

Мемлекет басшысы астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Сайлау туралы айтар болсам, оның әділ өтетіндігіне сенемін. Барлық кандидатқа бірдей мүмкіндік берілді. Сондықтан сайлаудың қорытындысын ол аяқталғаннан кейін шығарамыз», – деді Президент.

Тоқаев Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар жайында айтты.

«Реформалар дайындалып жатыр. Реформалар тоқтап қалмауы тиіс. 15 қаңтарда Парламентте сөз сөйлеп, оның ішінде Мәжілістің жаңа құрамына да үндеу жасаймын. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді. Реформалар жайын талқылаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.