Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин сайлауда дауыс берді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин сайлауда дауыс берді

Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 Сайлау учаскесінде ҚР Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин дауыс берді.

Тіркеуден өтіп, таңдауын жасап, бюллетеньді жәшікке салған соң Мәжіліс Төрағасы өтініш білдірген журналистерге сұхбат берді.

«Ең бірінші VI шақырылымның жұмысы туралы айтайын. Нәтиже жақсы болды. Көптеген заң қабылданды. Әлеуметтік жағынан болсын, экономика жағынан болсын (көптеген жұмыс атқарылды – ред.). Ең біріншіден, Елбасының стратегиялық курсының, Мемлекет басшысының Жолдауының қойған тапсырмаларының барлығы заң жағынан орындалды. Ал енді VII шақырылым депутаттары осы жұмыстардың барлығын жалғастырып, болашақта елімізге, халқымызға, қазақстандықтарға керек заңдарды қабылдайды деп сенемін», – деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

[caption id="attachment_101829" align="aligncenter" width="1280"]сайлау, партия, дауыс, Нұрлан Нығматулин Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Естеріңізге сала кетсек, сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы (19 адам), Nur Otan партиясы (126 адам), ADAL саяси партиясы (16 адам), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (38 адам), «Қазақстанның Халық партиясы» (113 адам) өз кандидаттарын ұсынған. Бес партиядан барлығы 312 кандидат сайлауға түсуде.

Нұрлан ҚОСАЙ