Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 Сайлау учаскесінде ҚР Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин дауыс берді.
Тіркеуден өтіп, таңдауын жасап, бюллетеньді жәшікке салған соң Мәжіліс Төрағасы өтініш білдірген журналистерге сұхбат берді.[caption id="attachment_101829" align="aligncenter" width="1280"]«Ең бірінші VI шақырылымның жұмысы туралы айтайын. Нәтиже жақсы болды. Көптеген заң қабылданды. Әлеуметтік жағынан болсын, экономика жағынан болсын (көптеген жұмыс атқарылды – ред.). Ең біріншіден, Елбасының стратегиялық курсының, Мемлекет басшысының Жолдауының қойған тапсырмаларының барлығы заң жағынан орындалды. Ал енді VII шақырылым депутаттары осы жұмыстардың барлығын жалғастырып, болашақта елімізге, халқымызға, қазақстандықтарға керек заңдарды қабылдайды деп сенемін», – деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Нұрлан ҚОСАЙ