Татарстаннан келген бақылаушылар Ақмолада сайлаудың қалай өтіп жатқаны туралы айтты   
Татарстаннан келген бақылаушылар Ақмолада сайлаудың қалай өтіп жатқаны туралы айтты   
238
оқылды

Облыстық аумақтық сайлау комиссияның мәліметінше, Ақмола облысының аумағында қазіргі таңда ТМД-дан келген тәуелсіз бақылаушылар сайлау учаскелерін аралап жүр.

«Олар Бурабай ауданына да келді. Татарстан Республикасынан Сыртқы байланыс директорының орынбасары Марат Биктимиров, ТМД Ішкі саясат мәселелері бойынша Татарстан Республикасы президенті департаментінің бас кеңесшісі Александр Маратканов және Татарстан Республикасының Қазақстандағы өкілетті өкілі Денис Валеев келді, – дейді Бурабай аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әсия Куштаева.

 width=  width= Бақылаушылардың айтуынша, сайлауда ешқандай заңбұзушылықтар байқалмаған.

«Біз Бурабай кентіндегі сайлау барысын №336 сайлау учаскесі ашылғаннан бері бақылап отырмыз. Барлығы ашық түрде өтіп жатыр. Заңбұзушылық тіркелмеді. Сайлаудың өтуіне қатысты ешқандай ескертпеміз жоқ», – деді Татарстаннан келген бақылаушылардың бірі.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Ақмола облысында 722 сайлау учаскесінде 519 633 сайлаушы тіркелген. Сағат 12:00-де аумақтық сайлау комиссиясына түскен ақпарат бойынша 26,62 пайыз сайлаушы дауыс берген.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы