Димаштың биігі

Димаштың биігі

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың Жарлығы­мен Ди­­маш Құдай­бер­ген «Қа­зақ­­­станның ең­бек сі­­­ңір­ген қайрат­ке­рі» атан­ды.

Димаш Құдайбергеннен бөлек осы құрметті атақты 36 азамат алды. Елі­міздің ғылыми және мәдени өміріне айрықша үлес қос­қандар елеусіз қал­ма­ды. Атақ алғандардың ішін­де әнші Т.Асар, ғалым А.Жұмаділдаев, ки­ноактер Н.Есімғалиев, дири­жер Р.Салаватов, балет артисі Н.Семенова және тағы бас­қалары бар.

Barclays Center сахнасында концерт берген Димаш Құдай­берген кеше елге оралды. Ән кешіне АҚШ, Австралия, Мексика, Ресей, Чили, Бол­гария, Филиппин, Испания, Канада, Қазақстан, Жапония сияқты 60 елден тыңдарман келді. Әншінің қазақ әнін күллі әлемге мойындатқанына құтты болсын айтқандай, 100-ге жуық жанкүйер Н.Назарбаев халықаралық әуежайына жи­нал­ды. Қарсы алушылар ара­сында Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетінің студенттері мен оқыту­шылары бар.


Әуежайға жиналғандардың арасында сүйікті әншісін қарсы алу үшін елордаға арнайы келгендер бар екен. Тарту-таралғыларын сыйлап, ерекше ілтипат көрсеткендерге әнші мен ата-анасы алғыс білдірді. Димаш Құдайбергеннің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Нью-Йорктегі кеш жайында айтып, елге құрметтің бірінші орында тұратынын атап өтті. Қазақ жалауын ұстап тұрған шетелдіктерді көргенде толқы­ға­нын, төбесі көкке бір елі жетпей қалғанын сөз етті. Қол­дау көрсеткен тыңдарманға, ел бас­шылығына ерекше риза екенін жеткізді.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ