Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті мен жергілікті мәслихаттар депутаттарына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратында орналасқан 110-сайлау учаскесінде дауыс берді.
Жалпы, 110-учаскеде 2606 азамат тіркелген. Сайлау барысын 18 байқаушы бақылап отыр. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Учаскеде санитарлық талаптар сақталған. Кіреберісте дене қызуы өлшеніп, тегін бетперде мен қолғап таратылады. Айта кетейік, Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты сағат 7.00 мен 20.00 деп белгіленген. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де, ал Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылды.