Индонезиядағы апат: құтқарушылар ұшақ жолаушыларының дене мүшесін тапты
Индонезиядағы апат: құтқарушылар ұшақ жолаушыларының дене мүшесін тапты
122
оқылды

Индонезия құтқарушылары Boeing 737 жолаушылар ұшағы апат болған аймақтан металл бөлшектер, адам денесінің мүшесі мен киім-кешектерін табуда. Бұл жайында Ассошиэйтед Пресс хабарлады. Алайда нақты айғақтар әлі көрсетілмеді.

Әскерилер гидролокациялық жабдықтың көмегімен ұшақ сигналын тіркей алды. Бұл сигнал ұшақ радардан жоғалып кетпес бұрын ұшқыш байланысқа шыққан аймақтағы координаттарға сәйкес келеді. "Біз апат құрбандарын эвакуациялау үшін флоттың элиталық бөлімшесіндегі сүңгуірлерді шұғыл түрде апат орнын анықтауға жөнелттік", - деді Индонезия әскери күштері қолбасшысы Хади Тьяджанто. Джакартадан ұшып шыққан Sriwijaya Air компаниясының жолаушылар ұшағының Лаки аралына жақын маңда суға құлағаны кеше күндіз белгілі болды.  Airlive мамандандырылған порталының мәліметі бойынша, ұшақ бортында 62 адам болған. Олардың ішінде 46 ересек адам, жеті бала және бір жасқа толмаған үш сәби, сондай-ақ екі ұшқыш пен төрт борт қызметкері бар. Басқа мәліметке сенсек, ұшақ бортында 65 адам болған.