Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов дауыс берді
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов дауыс берді
164
оқылды
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беріп, таңдауын жасады.   Атырау облыстық коммуникациялар қызметі мәліметінше,  аймақ басшысы Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Таңғы сағат жетіден өз жұмысын бастаған аталған сайлау учаскесіне 1145 сайлаушы тіркелген. Саяси науқанда өңірде барлығы 265 сайлау учаскесі қызу жұмыс істеп жатыр. Мұнда  санитарлық талаптар сақталып, азаматтарға  барлық жағдай жасалған.