Прокуратура органдарына дауыс беруге қатысты арыз-шағым түскен жоқ – Бас прокуратура
Прокуратура органдарына дауыс беруге қатысты арыз-шағым түскен жоқ – Бас прокуратура
5,186
оқылды

«Бүгін таңнан бастап осы уақытқа дейін прокуратура органдарына қандай да бір,  оның ішінде дауыс беруге қатысты шағымдар мен арыздар түскен жоқ. Дегенмен жекелеген  тұлғалар әлеуметтік желілерде жасанды резонанс тудыру мақсатында «бүгін болған» деп, сайлау заңнамасын бұзды деген жалған матриалдарды таратып жатыр. Біз олардың дұрыстығын тексердік. Олардың қазіргі сайлау науқанына қатысы жоқ», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, whatsapp  мессенджері арқылы сайлау учаскелерінің бірінде сайлау комиссиясының мүшелері алдын ала қол қойылған бюллетеньдер таратылған бейнежазба таралған. Бұл бұдан бұрын өткізілген сайлауда Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде жүргізілген ескі жазба екені анықталыпты. Сондай-ақ facebook әлеуметтік желісінде бір пайдаланушы «Қазақстанда бұрмалау басталды» деген жазба жариялаған. Онда жәшікке бюллетеньдерді лақтырып жатқан бейнежазба орналастырған. «Материалдарды зерделеу нәтижесі бұл бейне Ресей елдімекендерінің бірінің сайлау учаскесінде жасалғанын көрсетті. Сондықтан БАҚ немесе телекоммуникация желілерін пайдаланып қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін  туғызған көрінеу жалған ақпарат таратқандар үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін  еске салғым келеді», – деді Бас прокуратура өкілі. Сайлау процесі заңдылығын сақтау  қадағалау жалғасып жатыр.

Тұмар МЫРЗА