Байқаушылар тарапынан ұсақ заң бұзу тіркелді – Нұрлан Өтешев

Байқаушылар тарапынан ұсақ заң бұзу тіркелді – Нұрлан Өтешев

Сайлау үдерісінде байқаушылар тарапынан ұсақ заң бұзушылықтар тіркелді. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев  мәлімдеді. 

«Мәселен, байқаушы өзі бақылайтын сайлау учаскесіне жеке куәліксіз, қажет құжаттарсыз келді. Ал құжаты түгел байқаушы өзі жіберілген  сайлау учаскесіне емес, мүлдем басқа сайлау учаскесіндегі дауыс беруді бақылауға барған. Мұндай деректер де тіркеліп жатыр. Кәсіподақтар федерациясы сайлау нәтижесі бойынша өз есебін жасайды, онда осы фактілер де көрініс табады»,  – деді ол Партиялық емес бақылау орталығының брифингінде. Н.Өтешев сағат 12: 00-ге дейін сайлаушылар белсенділігі байқалып отырғанын, дауыс беруге келушілер саны арта бастағанын тілге тиек етті. Еске салайық, бүгін – 10 қаңтарда таңғы сағат 07: 00-де Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы басталды. Түске дейін халықтың үштен бірі дауыс беріп үлгерді.

Тұмар МЫРЗА