Қаржы министрі бөлінген қаржы не үшін игерілмегенін айтты
Қаржы министрі бөлінген қаржы не үшін игерілмегенін айтты
165
оқылды

Қаржы министрі Әлихан Смайылов қазынадан бөлінген қаржының уақытылы игерілмеген себептерін айтты.

«Қазақпараттың» хабарлауынша, Премьер-министрінің бірінші орынбасары ­— Қаржы министрі Әлихан Смайылов облыс әкімдіктері мен министрліктердің қаражатты уақытылы игере алмай отырғанын айтты.

«Жалпы мемлекеттік бюджеттің шығысы — 98,3 пайыз, республикалық бюджеттікі — 99,4 пайыз және жергілікті бюджеттердің шығысы 97,4 пайыз игерілді. Жыл басынан бері мемлекеттік бюджеттен 12 трлн 352 млрд теңге бөлінген. Ал республикалық бюджеттің шығысының 10 трлн 594 млрд теңгесі игерілді», ­— деді Әлихан Смайылов.

Қаржы министрінің айтуынша, облыс әкімдіктері мен министрліктер жалпы 50 млрд теңгені игере алмаған.

«Орындалған жұмыстар актілерін уақытылы ұсынбау, шарттар, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу немесе сотта қаралып жатқан істерге байланысты кей жағдайда бөлінген қаражат игерілмей жатыр», ­— деді министр. Бөлінген қаражаттың Түркістан облысы – 12 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласы – 8 млрд теңге, Шымкент — 7 млрд теңге, Алматы қаласы — 6 млрд теңге, Атырау және Маңғыстау облыстарында – 3 млрд теңгесін игермеген.