Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова дауыс берді
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова дауыс берді
5,158
оқылды
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді. Аймақ басшысы № 101 мектепте орналасқан № 263 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Қазақстан Президентінің 2020 жылдың 21 қазанындағы Жарлығына сәйкес биыл 10 қаңтарында Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтіп жатыр.Биылғы саяси науқанға мемлекеттік тіркеуден өткен 5 партия өкілдері қатысуда. Орталық сайлау комиссиясы өткізген жеребеге сәйкес партиялар ретпен орналасқан:  «Қазақстан Халық партиясы», «Nur Otan», «Ауыл», «Ақ жол», «Адал».
Жалпы облыста 9 аумақтық сайлау комиссиясы, 376 сайлау учаскесі құрылған. Бүгінгі күні сайлаушылардың саны 492 мыңнан асты. Дауыс беру орындарында барлық санитарлық талап сақталуы бақылауға алынған. Сайлау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға еш кедергісіз дауыс беру үшін жағдайлар жасалған, оларды тасымалдау үшін арнайы автокөліктер қарастырылған. Ауыр халдегі науқастар үшін жәшіктерді тасымалдау арқылы үйінен дауыс беру шаралары ұйымдастырылуда. Айта кетейік, өңірде әрбір сайлаушы өз сайлау учаскесін анықтау үшін Call-орталықтары («400-200», 109) және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі, «Sailau2021.gov.kz» порталы жұмыс істеп тұр.

Миуа БАЙНАЗАРОВА,

Қызылорда облысы