Үздіктер «Алтын сапа» иегері атанды
Үздіктер «Алтын сапа» иегері атанды
261
оқылды

Нұр-Сұлтанда «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр.

Премьер-министр Асқар Мамин ALTYN OIMAQ дизайнерлердің ұлттық байқауы, «Бизнес кемелділік», «Іскер», «Ұлы дала елі» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.

«Алтын сапа» сыйлығы байқауының жеңімпаз-лауреаттары және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанттары, сондай-ақ «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы республикалық байқауы жеңімпаздары марапатталды.


WhatsApp Image 2019-12-13 at 10.08.33 (1).jpeg

Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткерлер «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымдары сыйлық иегері атанды. Ал Қазақстанда алғаш рет өткен ALTYN OIMAQ киім дизайнерлерінің ұлтттық байқауының жеңімпаздары «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген аксессуардың үздік дизайны», «Спорт аяқкиімінің үздік кастом дизайны» аталымдарында марапатталды. «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық байқауының жеңімпаздары үш категорияда (шағын, орта және ірі бизнес) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық келісімшарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін»  марапатқа ие болды.

Фотоларды түсірген: Айтжан Мұрзанов