Сүтпен бірге ет пен нан қымбаттауы мүмкін — Ұлттық банк төрағасы
Сүтпен бірге ет пен нан қымбаттауы мүмкін — Ұлттық банк төрағасы

Үкімет отырсында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев азық-түліктің не себепті қымбаттайтынын түсіндірді.

«Қазақпараттың» жазуынша, «Қарашада жылдық инфляция біздің күткеннен төмен 5,4 пайыздық көрсеткіште болды. Мұндағы өсімді азық-түлік тауарлары қосып отыр. Олар бір жылда 9,7 пайызға қымбаттады. Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 15,5 пайызға, ет және ет өнімдерінің 13,4 пайызға, балық пен теңіз өнімдерінің 12,2 пайызға өсуі ерекше байқалады», ­— деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, табыстың артуы ішкі сұраныстағы өсім мен фискалдық ынталандырудың сақталуы – инфляция өсіміге негіз болып отыр.

«Қысқа мерзімді кезеңде азық-түліктің кейбір түрлері, атап айтқанда, дәнді-дақылдар, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде жаңа талаптардың енгізілуі аясында сүт өнімінің қымбаттауына байланысты ет пен нан қымбаттауы мүмкін», — деді ол.