Елордадағы Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов те өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде байқаушылар мен журналистер және сайлау комиссиясының өкілдері өз міндетін атқаруда. Дәл осы уақыттағы ақпарат бойынша мұнда ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.