Электораттың 52,5% сайлау учаскесіне келді – Орталық сайлау комиссиясы
Электораттың 52,5% сайлау учаскесіне келді – Орталық сайлау комиссиясы
240
оқылды
Электораттың 52,5% сайлау учаскесіне келді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады. Өңірлер арасында Жамбыл облысының сайлаушылары белсенді болып отыр. Аталған облыстағы дауыс беру құқы бар тұрғындардың 63,4% сайлау учаскесіне келген.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда астана уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін  сайлаушылардың 52,5% алды», – делінген хабарламада.
 width= Өңірлер арасында қанша сайлаушының дауыс беруге келгенін ОСК ұсынған төмендегі мәліметтен білуге болады: Ақмола облысы бойынша – 56,9 % Ақтөбе облысы бойынша – 45,6 % Алматы облысы бойынша – 58,0 % Атырау облысы бойынша – 45,6 % Батыс Қазақстан облысы бойынша – 53,5 % Жамбыл облысы бойынша – 63,4 % Қарағанды облысы бойынша – 58,8 % Қостанай облысы бойынша – 62,4 % Қызылорда облысы бойынша – 60,9 % Маңғыстау облысы бойынша – 43,3 % Павлодар облысы бойынша – 57,8 % Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 62,4 % Түркістан облысы бойынша – 53,6 % Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 62,0 % Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 41,1 % Алматы қаласы бойынша – 25,3 % Шымкент қаласы бойынша – 49,2 % Келесі шұғыл ақпарат сағат 18.00-де баяндалады.

Тұмар МЫРЗА