Сайлау учаскелеріне барған кезде демократиялық процестер мен құндылықтардың жоғары деңгейде екенін, әркімнің учаскеге еркін қол жеткізе алатынын, белсенді қоғамдық-саяси қызмет байқалып отырғанын көруге болады. Бұл туралы Жоғарғы Рада депутаты, «Украина–Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Евгений Шевченко мәлімдеді. Ол Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда байқаушы ретінде Украина өкілі болып қатысу үлкен мәртебе екенін атап өтті.
«Біздің жылы кездесуіміз және Қазақстан халқының Украинаға деген қарым-қатынасы, ынтымақтастық ниеті, дос болу ниеті біздің қарым-қатынасымызға әсер етеді. Жалпы, сайлау учаскелеріне барғанда демократиялық процестер мен құндылықтардың жеткілікті жоғары деңгейде екенін, әркімнің учаскеге еркін қол жеткізе алатынын, белсенді қоғамдық-саяси қызмет байқалып отырғанын, мұны сайлаушылар саны мен ашық жәшіктерде көрген бюллетеньдер санынан да көруге болады», – деді ол.Оның айтуынша, Украинада сайлау күні әдетте таңғы уақытта сайлау учаскесіне адамдар аз келеді.