Зейнетақы 800 теңгеге көбейеді
Зейнетақы 800 теңгеге көбейеді
145
оқылды

«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға байланысты зейнетақының көбеюі қарастырылған.

Осы құжатқа сәйкес, ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалды. Ал ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 800 теңгеге көтерілді. Ол – 16 839 теңгені құрайды. Енді, 2020 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 38 636 теңгені құрайтын болады.

 Сонымен қатар, бұл құжатта  1 қаңтардан бастап қазақстандық зейнетақыларды индекстеу қарастырылған. Осылайша, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 7% -ға артады. Себебі адамның еңбек өтіліне байланысты сараланған базалық зейнетақы төлемі күнкөріс деңгейінің өсуіне сәйкес өседі. Жыл басынан бері ол 5 пайызға өседі.