Дауыс беруге келген азаматтар үшін барлығы қауіпсіз болды – Еуропарламент депутаты
Дауыс беруге келген азаматтар үшін барлығы қауіпсіз болды – Еуропарламент депутаты
Сайлау учаскелерінде барлық санитарлық жағдай сақталды, дауыс беруге келген азаматтар үшін барлығы қауіпсіз болды. Бұл туралы  халықаралық байқаушы – Еуропарламент депутаты Тьерри Мариани мәлімдеді. Ол Қазақстанда пандемия кезеңінде өтіп жатқан сайлау науқанында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілгенін атап өтті.
«Біз сайлау учаскелеріне келгенде ең алдымен қызуымызды өлшеп, медициналық қолғап берді. Барлық санитарлық жағдай сақталды, дауыс беруге келген азаматтар үшін барлығы қауіпсіз болды. Сайлау барысында біз анықтаған бұзушылықтарға келсек, жағымсыз ештеңе тіркелмегенін атап өтуге болады», – деді ол.
Еуропарламенттің тағы бір депутаты Жан-Лан Лакапель де сайлауға жоғары баға берді.
«Францияда наурыз айында аймақтық сайлау өткізілуі тиіс еді, алайда пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Біздің Үкімет, өкінішке қарай, Қазақстандағыдай санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай алмайды», – деді француз байқаушысы.