Роза Рымбаева Президентке жас музыканттарды қолдайтын орталық ашатынын айтты
Роза Рымбаева Президентке жас музыканттарды қолдайтын орталық ашатынын айтты
197
оқылды

«Ақорданың» хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаеваны қабылдады.

Кездесу барысында ел мәдениетін дамыту мәселесі талқыланды. Роза Рымбаева Қазақстан Президентіне өзінің шығармашылық қызметінің 45 жылдығына орай еліміздің барлық аймағында жеке концертін ұйымдастыру жайындағы жоспарын айтты. 


Рымбаева.jpg

Сонымен қатар әнші талантты жас музыканттарды қолдауға бағытталған мәдени орталық ашу туралы ойымен бөлісті. Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.