Индонезияда құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды
Индонезияда құлаған ұшақтың қара жәшігі табылды
107
оқылды

Апатқа ұшыраған индонезиялық Sriwijaya Air ұшағының қара жәшігі табылды.

Reuters-ке мәлімдеуінше, Индонезияның көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық комитетінің басшысы Соерджанто Таджахоно екі қара жәшіктің орналасқан жері анықталғанын айтты. Бұған дейін Индонезияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі болған. Ол Джакарта әуежайынан Понтианак қаласына қарай бет алып, төрт минут өткен соң радардан жоғалып, байланыс үзілген. Жергілікті биліктің мәліметінше, бортта 65 адам болған. Оның ішінде 10 бала бар. Кейінірек ұшақтың сынығы табылғаны хабарланды.