Украинаның астанасы Киевте коронавирустың бір оқиғасы расталды, – деп хабарлайды Lenta.ru. Мұндай нәтижелерді «Украина денсаулық сақтау министрлігінің Киев қалалық зертханалық орталығы» мемлекеттік мекемесінің зерттеуі көрсетті. Бұған дейін Ресейде жұқпалы аурудың белгісі бар делінген 100-ден астам пациентті тексергендігі туралы хабарланған болатын. Дегенмен, олардың ешқайсысынан коронавирус анықталғанен жоқ. Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 80 адамға жетті, олардың барлығы Қытай тұрғындары. Қытайдан басқа, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және АҚШ-та жұқтыру оқиғалары тіркелді. Вирус адамнан адамға жұғады. Белгілері дене қызуы, шаршау және қатты жөтел.