Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20.00-ге дейін ел ішіндегі электораттың 63,1% сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру бюллетенін алды. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина хабарлады. Электораты ең белсенді өңір ретінде Солтүстік Қазақстан облысы алға шықты. Бұл өңірдегі сайлаушылардың 75% астамы сайлау учаскесіне барды.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін сайлаушылардың 63,1 % алды», – деді Сәбила Мұстафина ОСК-ның арнайы брифингінде.Оның айтуынша, Ақмола облысы бойынша – 72,8 % Ақтөбе облысы бойынша – 57,7 % Алматы облысы бойынша – 73,5 % Атырау облысы бойынша – 55,5 % Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,5 % Жамбыл облысы бойынша – 72,2 % Қарағанды облысы бойынша – 70,7 % Қостанай облысы бойынша – 71,8 % Қызылорда облысы бойынша – 72,7 % Маңғыстау облысы бойынша – 54,0 % Павлодар облысы бойынша – 71,3 % Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5 % Түркістан облысы бойынша – 65,8 % Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4 % Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 45,1 % Алматы қаласы бойынша – 30,3 % Шымкент қаласы бойынша – 56,5 % электорат дауыс берді. Келесі шұғыл ақпарат сағат 22.00-де баяндалады.