Елорда әкімінің экс-орынбасары LRT ісі бойынша іздестіріліп жатыр
Елорда әкімінің экс-орынбасары LRT ісі бойынша іздестіріліп жатыр
5,142
оқылды

Мемлекетке бес миллиард теңгеден астам шығын келген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов брифинг барысында Нұр-Сұлтандағы LRT жобасын тергеу барысы туралы хабарлады. Оның айтуынша, елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке іздеу жарияланған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет LRT салу кезінде ұрлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтауда. Тергеу барысында елорда қаласы әкімдігінің, «Астана LRT» шенеуніктері мен жеке компаниялардың директорларының қатысуымен ұрлықтың миллиардтаған схемалары анықталды. Қылмыстық схеманы қала әкімінің орынбасары Сұлтанбеков пен «Астана LRT» Астана басшысы ұйымдастырды оған қазақстандық және шетелдік компаниялар араласқан», – деді Перов.

Ол мердігер компаниялардың директорлары қосалқы мердігер компаниялармен қымбат келісімдер жасасқанын және жалған кәсіпорындар арқылы ақша толтырғанын айтты. Мемлекетке бес миллиард теңгеден астам шығын келген. Перов бұл іске Нұр-Сұлтан әкімдігінің бұрынғы бес шенеунігі қатысқанын айтты. Мердігер ұйымдардың алты жетекшісі, олардың бесеуі күдікті ретінде қамауда.

Айта кетейік, қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке LRT жобасын тергеуді күшейтуді тапсырды. Президент шілде айында LRT құрылысын сынға алды. Ол халыққа ыңғайлы, түсінікті, практикалық көлік түрін құрудың орнына қымбат көлік жобасы ұсынылғанын сынаған.