Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды алдап, үйге кіріп зорлап кетті
Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды алдап, үйге кіріп зорлап кетті

Күдікті іздестіріліп жатыр.

Ақтөбеде 9 жастағы қыз сексуалыды зорлық құрбаны болды, – деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарттық агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап. 

Жантүршігерлік оқиға 12 желтоқсанда күндізгі сағат 12.00 кезінде болған. Қалалық полиция болған деректі растады, бірақ толық ақпаратты кейін беретінін мәлімдеді.

Күдікті кішкентай қыздың ізіне түскен болуы мүмкін. Жәбірленуші мектептен кейін үйіне келген. Сол кезде күдікті есік қаққан, алайда қыз бала ашпай қойған. Ер адам есікті қайта қағып, үйге кіріп алған. Сағат 13.15 шамасында үйіне келген әкесі қызын ауыр жағдайда көрген. Қыз бала киімсіз жатқан. Артынша оны ауруханаға апарған. 

«Баланың жағдайы қазір қалыпты, ем алып жатыр. Әкелгенде бала есін жоғалтпаған. Ота жасалып, қан тоқтатылды», – дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Егор Роскидайло.

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.

Ақтөбелік ата-аналардың чатында ер адам жол бойында кішкентай қыздарды әңгімеге айналдырып, мысықтар жайында сұрайды деген ескертулер айтылған.  Желіде күдіктінің суреті деген сурет тарап кетті. Алайда жергілікті полиция өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.