Exit poll: Nur Otan партиясы сайлаушылардың 71,97% дауысына ие болды
Exit poll: Nur Otan партиясы сайлаушылардың 71,97% дауысына ие болды
«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты жүргізген Exit poll нәтижесі жарияланды. Парламент Мәжілісіндегі мандат үшін сайлауда Nur Otan партиясы сайлаушылардың 71,97 % дауысына ие болып, көш бастады. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді. Exit poll Оның айтуынша, «Қоғамдық пікір» институты 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріндегі шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Институт интервьюлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама өткізді. Сауалнама қаладағы 316 учаске мен ауылдағы 284 учаскеде жүргізілді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, барлық облыс орталықтары, аудандық маңызы бар қалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекендерді қамтыды. Күні бойы сауалнаманың 4 толқыны өткізілді. «Нәтижесінде, 24 мың сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында. Exit poll Zakon.kz ақпараттық порталының тапсырысы бойынша жүргізілді. ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабына сәйкес, «Қоғамдық пікір» институты сайлауалды әлеуметтік сауалнамасы – Exit poll жүргізу ниеті туралы Орталық сайлау комиссиясын хабардар етті. Респонденттерге бір ғана сұрақ берілді: «Қазақстан Республикасы Парламенттік сайлауында қай партияға дауыс бердіңіз?»  width= Exit poll нәтижесінде Қазақстан Халық партиясы – 9,03%, Nur Otan партиясы – 71,97%, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 5,75%, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,18%, «Адал партиясы – 3,07% дауысқа ие болды», – деді Айнұр Боранбайқызы.

Тұмар МЫРЗА