«Астана-Зерттеу» қоғамдық қорының сауалнама қорытындысы да Nur Otan партиясының жеңісін растайды

«Астана-Зерттеу» қоғамдық қорының сауалнама қорытындысы да Nur Otan партиясының жеңісін растайды

«Астана-Зерттеу» қоғамдық қоры Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы барысында exit-poll өткізді. Әдіснамаға сәйкес, интервьюерлер дауыс беріп болған азаматтардан сайлау учаскесінің шыға берісінде жауап алды. Қатысушылар сауалнамадағы дайын қысқа сұрақтарға жауап берді. Оның нәтижелері мынадай:

Сайлаушылардың 73,75% өз дауысын билеуші Nur Otan партиясына бергенін мәлімдеді. Exit-poll мәліметтері бойынша «Ақ жол» партиясына респонденттердің 10,13 % дауыс берген. Сауалнамаға қатысқандардың 8,17% «Қазақстанның халық партиясын» таңдаса, 4,8 % өз дауысын «Ауыл» партиясына бергенін мәлімдеді. Ал, «Adal» партиясы 3,15 % қолдауға ие болды. Сауалнама еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы 170 сайлау учаскесінде бүгін күні бойы жүргізілді. Интервьюерлер 102 қалалық және 68 ауылдық жерлерде жұмыс істеді. Барлығы 34 мың сайлаушыға сұрау салынды. Қателік коэффициенті 1,2% құрайды.

Тұмар МЫРЗА