Қазақстандық жігіт қуыршаққа үйленбекші

Қазақстандық жігіт қуыршаққа үйленбекші

Ол тіпті силиконды қызын мейрамханаға апарып, сөз салған.

Қазақстандық жігіт негізінен бодибилдингпен айналысады. Марго есімді сүйіктісімен кездесіп жүргеніне 8 ай болған.

Жігіт құрбысы адам болмаса да, оны түрлі жерлерге  апарып, әңгімелесіп, уақытын бірге өткізеді екен. Ол сөз салу үшін қызын мейрамханаға апарып, арнайы музыкантты жалдаған. Тіпті ол сүйіктісінің Instagram парақшасын ашып, өзі жүргізіп отырады. 


Жігіттің айтуынша, сүйіктісі барда даяшы болып жұмыс істейді. Тамақ істей алмаса да, грузин асханасын ұнатады екен. Оның сүйікті тамағы - хинкали. Жігіт қызынан бір сәтке де ажырамайтынын мойындады. Сол үшін  де онымен бірге Cоmedy Club бағдарламасына түскен. Сонымен қатар, қазақстандық жігіт өзінің таңдаған жарын ел-жұртқа жария салғанда, жұптарының сынға қалғанын жасырмады. Сол үшін де сүйіктісі өзіне пластикалық ота жасатқан. Жігіттің айтуынша, отаны кәсіби хирургтар жасаған. 

Бұл жайында New York Post-та жарияланған болатын.