Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының ХХVІІІ сессиясы басталды. Сессия барысында Парламент Мәжілісіне ҚХА атынан депутаттар сайланады.
[caption id="attachment_102234" align="aligncenter" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Орталық сайлау комиссиясына ассамблея атынан ұсынылған кандидаттар:- ҚХА-дан сайланған, Мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
- Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
- Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
- «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі» КММ директоры Наталья Дементьева;
- «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
- «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
- «Қазақстан татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
- «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
- «Әзербайжандықтар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.
Бүгін ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астам дауысын жинаған кандидаттар Мәжіліс депутаты атанады.