Шаштараз, тракторшы, инкассатор... Еңбек министрлігі 2021 жылы сұраныста болатын мамандықтарды атады
Шаштараз, тракторшы, инкассатор... Еңбек министрлігі 2021 жылы сұраныста болатын мамандықтарды атады
158
оқылды

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда сұранысқа ие болуы мүмкін мамандықтар:

  • шаштараз;
  • күзетші, инкассаторлар және соған ұқсас мамандықтар;
  • бухгалтер;
  • мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбиешілер;
  • орта мектеп мұғалімдері;
  • науқастарды күтетін медицина мамандары;
  • жылжымайтын мүлікпен және басқа меншікпен операциялар жөніндегі агенттер;
  • дүкен сатушылары және олардың көмекшілері;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі біліктігі жоқ жұмысшылар;
  • бастауыш мектеп мұғалімдері;
  • АБҚ қосалқы кәсіби персоналы;
  • өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін фермерлер мен жұмысшылар;
  • аспаз;
  • тракторшылар;
  • құжат айналымы және басқа да кеңсе жұмыстары бойынша супервайзерлер;
  • арнайы мамандығы жоқ жұмысшылар;
  • қарауыл мен күзетшілер;
  • жүк көлігінің жүргізушілері;
  • бағбан;
  • саудагерлер;
  • математика пәні бойынша орта мектеп мұғалімдері;
  • сантехниктер;
  • жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғайтын күзетшілер;
  • есепшілер мен бухгалтерлердің көмекшілері;
  • фермерлер мен мал өсіретін жұмысшылар;
  • спорт жаттықтырушылары мен оқытушылар;
  • фермерлер және егістік дақылдарын өсіру жөніндегі жұмысшылар;
  • терапевт дәрігерлер.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллекттің дамуына байланысты банкир, жеткізуші, жүргізушіге сұраныстың азайып бара жатқанын айтқан болатын. Айта кетейік, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне қатысты осыған дейін «Көк трактор» көп сұрап тұр» деп жазған едік.