Бауыржан Байбек ҚХА-дан ұсынылған Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс берді
Бауыржан Байбек ҚХА-дан ұсынылған Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс берді
149
оқылды

Ассамблеядан Мәжіліске сайланатын 9 депутат анықталады.

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек дауыс берді. Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясына ассамблея атынан ұсынылған кандидаттар тізімі: ҚХА-дан сайланған, Мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов; Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян; Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов; «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей мектебі» КММ директоры Наталья Дементьева; «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы Юрий Ли; «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев; «Қазақстан татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин; «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов; «Әзербайжандықтар қауымдастығы» республикалық қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов. Бүгін ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астам дауысын жинаған кандидаттар Мәжіліс депутаты атанады.