Ерлік пен елдік қорғаны
Ерлік пен елдік қорғаны
212
оқылды

Еліміздің ең басты мерекесі қарсаңында Қазақстан Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен бір топ ардагерлерді биік мемлекеттік наградалармен марапаттады. Орден-медальді иелеріне Парламентте Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл табыстады.

Мемлекет басшысының ше­ші­мімен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеу­меттік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі «Құрмет» ордені салтанатты түрде бірнеше Ауған ар­дагеріне берілді. Олардың арасында ШҚО Жарма ауданы бойынша «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы» бірлестігінің кеңес төрағасы Тілеухан Бұрғажинов, СҚО бойынша «Қазақстан ардагерлері және мүге­дектері» ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Жанат Жарасбаев, Атырау облысындағы «Ауған ардагерлері одағы» бірлестігінің басқарма мүшесі Есмұқан Қажыкенов және Алматы облысының Қапшағай қалалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Мұрат Кутеев бар.

Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медаліне Павло­дар облысының «Ауғанстан және жер­гілікті соғыс ардагерлері мен мүге­дектері» директорының орынбасары Юрий Веденеев ие болды.

– Елбасы Н.Назарбаев өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге ерек­ше назар аудару керек деп мін­дет қойған болатын. «Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу ар­қылы ел егемендігін баянды ете ала­мыз. Сонда ғана келешек ұрпағы­мыз­дың рухы биік болып, жан дү­ниесі жаңарады» деді Тұңғыш Прези­дентіміз былтыр Тәуелсіздік күніне арналған салтанатта. Ал таяуда Жастар жылы қорытындыланған жиында ел Президенті Қ.Тоқаев қай­ратты жастарымыз көп болса, мем­лекетіміздің болашағы баянды бола­тынын баса айтты: «Қазіргі жастар Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» деген сөзін берік ұстануы керек. Өйткені Тәуелсіз Қазақстанның тұғырлы тірегі, үкілі үміті, берік қалқаны – өздеріңіз» деді Мемлекет басшысы. Бүгінгі ма­рапат иелері бабаларымыздың елдік жолын қастерлеп, ерлік жолын жалғаған, көп жылдан бері жастарға отаншылдық тәрбие беріп, жас ұр­пақ бойында патриоттық сезім, жауынгерлік рух қа­лып­тастырып келе жатқан тұлғалар, – деді Qazaqstan ardagerleri қауым­дастығының төрағасы Бақытбек Смағұл.

Кәсіби сарбаздардан жауынгерлік тәрбие алған ұрпақ ұланғайыр да­ла­мызды қапысыз қорғауға, Тәуелсіздікті мәңгілік сақтауға қабілетті болады.


Елдос СЕНБАЙ