Расул Жұмалы: Жастардың депутат болуы қоғамда маңызды рөл атқарады
Расул Жұмалы: Жастардың депутат болуы қоғамда маңызды рөл атқарады
183
оқылды
«SAILAU-2021: Парламент сайлауының алдын ала қорытындылары» атты сараптамалық талқылауда саясаттанушы Қазақстандағы сайлауды өзге елдермен салыстырып айтып берді. Бұл сайлау толығымен мінсіз өтті деп айта алмайтын шығармыз. Жалпы сайлау атаулының өзі барлық елде, оның ішінде өркениетті әрі дамыған елдердің тәжірибесін қарайтын болсақ, ешқайсысы мінсіз болмайды. Бірақ үрдіс, процесс ретінде бұл – біздің ел үшін өте маңызды қадам болды. Алысқа бармай-ақ түрлі елдердегі 2020 жылғы сайлау тәжірибесін қарайтын болсақ, сынақтан көптеген мемлекеттің сүрініп, құлап жататынын көріп отырмыз. Әлі күнге дейін басылмай жатқан Беларусьтегі оқиғалар, Қырғыз Республикасындағы үшінші революция, Армениядағы жағдай, АҚШ-тың өзіндегі тығырыққа тірелгенін көріп отырмыз. Сайлау елдегі жаңа жағдайда, саяси ахуалда өткізіліп отырғанын атап өту керек. Президент бастаған реформалар іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде бірталай заңға өзгерістер енгізілді. Осы сайлаудың жаңашылдығы – жаңа сайлау заңнамасына сәйкес өткізіліп отырғаны. Оның ішінде, 30 пайыздық квота да бар. Мәжіліс, мәслихаттарда жастардың депутат болуы өте маңызды.