Алаш пен азаттық – егіз ұғым
Алаш пен азаттық – егіз ұғым

Биыл Тәуелсіздікке – 28 жыл. Ал Тәуелсіздік туралы қазақ ұғы­мына – сан ғасыр. Соның ішінде патша заманында да, кеңес ке­зеңінде де азаттық туралы ойлау толастаған емес. Халық ойы, арманы Алаш жүрек түкпірінде сақталды. Жанын иман орама­лына түйіп сақтады. Біздіңше, Тәуелсіздік – қазақ хандығы мен Алаш һәм Түркістан автоно­мия­лары аманатына адалдық. Тә­уел­сіздік – 1921-1933 жылдар­дағы большевиктік кесапат пен аш­тық­та қырылған 3,5-4 млн хал­қы­мыздың рухына тағзым. Оқы­ла­тын дұғаның ағұзысы. Ар таза­лы­ғы мен имани пәктіктің өлшемі мен таразысы. Ауызға «Тәуел­сіз­дікті» алып, істе ұлт құндылық­та­рын аяққа таптау – кәдуілгі рия ғана емес, Жаратқан алдындағы, ұлт пен халық ал­дын­дағы ауыр күнәнің ең зоры. Сондықтан біз 1991 жылғы рес­ми Тәуелсіздік­ті – хандар мен билер тұғырының айқындалуы, рухани Түрк­істан­ның түлеуі, Алаш арманының орындалуы, толғамалы тарихы мен тағдыры бар Қазақ елі бағы­ның жануы деп білеміз. «Алаш туы астында күн сөнгенше сөн­бейміз!» деп Алаш арыстары айт­қандай, Тә­уелсіздік туы саясында жасай бере­міз, рухани жаңғыра береміз!

 

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ,
академик