ОСК сайлау қорытындысын жариялады
ОСК сайлау қорытындысын жариялады
218
оқылды
Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауында саяси партиялар жинаған дауыстардың қорытындысын жариялады.  width=
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегінше, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29, "Nur Otan" партиясы 71,09, "ADAL" саяси партиясы 3,57, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы 10,95 және "Қазақстанның Халық партиясы" 9,10 пайыз дауыс жинады.
Бұған дейін "Қоғамдық пікір" ғылыми-зерттеу институты жүргізген Exit poll нәтижесі жарияланды. Парламент Мәжілісіндегі мандат үшін сайлауда Nur Otan партиясы сайлаушылардың 71,97 % дауысына ие болып, көш бастады. Сондай-ақ «Демократия институты» 10 қаңтар күні сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама – Еxit poll жүргізді. Оның нәтижесі бойынша "Nur Otan" демократиялық партиясы сайлаушылардың 72% дауысын иеленді.