«Біз осы бағыттағы жұмысты жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жүргізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру бойынша тапсырма берген болатын. Шын мәнінде, елімізде сапалы білім беретін колледждер көп, бірақ бәрі бірдей емес. Осы орайда жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, дегенмен қатаң шаралар да қабылданады. Егер медициналық колледж қаржыгерлерді, бухгалтерлер мен програмистерді, ал агротехникалық колледж – мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерін, құрылыс колледжі – дене шынықтыру мұғалімдерін және т.б. бағыттар бойынша мамандарды даярласа, сапалы білім беру туралы қалай айтуға болады? Тіпті бұл оқу орындарының қажет базасы, тиісті кадрлары мен оқу үрдісіне қажет жабдықтары да жоқ болғанын айта кеткен жөн», – деді БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
196 колледж 500 мамандық бойынша студент даярлау құқығынан айырылды - БҒМ
93
оқылды
оқылды