Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Қазақстан

Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету бағдарламасы

"Айқын" ақпарат
Қаңтар 11, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан, Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл
бағдарлама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын айрықша  ықыласпен оқып шықтым. Президентіміз баршамыздың көкейімізде жүрген маңызды мәселелерді терең байыппен, парасатты пайыммен саралай толғанған екен. Шынында да, «келер ұрпаққа нені аманаттаймыз?», «Мемлекеттілігімізді нығайта түсу үшін қандай көкейкесті шаруаларды алдыңғы кезекте қолға алу қажет?» деген сауалдар халықаралық аренада әбден шыңдалған білікті саясаткер Қасым-Жомарт Кемелұлын ерекше мазалайтыны мақаланың өн бойынан төгіліп-ақ тұр.

Өткен отыз жылда қандай жарқын жетістіктерге жеткенімізді үш онжылдыққа бөліп талдай отырып, зерделі жанға өзіндік ой түйіп алардай мол мүмкіндік жасайды. Турасын айту керек, еліміз Тәуелсіздігінің бұл отыз жылдық белесінде көп жеңіске қол жеткіздік. Бұл – айтуға ғана оңай, қаншама қиындықтармен, жанкештілікпен, ең бастысы, Елбасының соңына ерген қалың бұқараның патриоттылығымен жүзеге асқанын бәріміз де ұғына, түсіне білуіміз қажет. Президент осыны нақты дәлелдермен санамалай жеткізе білген. Оның ішінде экономикамыздағы, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-рухани өміріміздегі соны жаңалықтар, еліміздің әлемдік деңгейдегі бедел-абыройы жан-жақты көрініс тапқан. «Осынау толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының hәм халқымыздың даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан болар едік» деп жазды Қасым-Жомарт Кемелұлы осы тарихи мақаласында. Ендеше, «…шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс жасаудың маңыздылығын» да атап айтады Мемлекет басшысы.

Қазақ халқы өз тарихында небір «тар жол, тайғақ кешулерді» (Сәкен Сейфуллин) бастан кешті. Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері де 100 жыл өтті. Сол зұлматтан қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қаіргіден әлденше есе көп болар еді. Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі жан-жақты зерттелмегенін атап айтқан Президент «Тіпті, ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады.Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек. Білікті мамандар жүйелі зерттеумен айналысып, соған сәйкес ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн. Біз бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауапкершілікпен қарауымыз қажет» деп тұжырымдайды. Меніңше, мұның өзі – өте өрелі бастама, әрі тарихымызға деген шынайы да, берік ұстаным. Кейінгі ұрпақ Тәуелсіздіктің миллиондардың қасық қанымен, қыршын ғұмырымен келгенін жете білуі қажет, сонда ғана жас буын оның баға жетпес қадірін ұғынатын болады.

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет қолға алынғаныа қарамастан, ұлттық мүддемізге сай келетін көп томдық жаңа тарихымыз әлі толық жазылған жоқ… Бұл – ұлт шежіресін дәріптеу тұрғысынан алғанда стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан, Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек» деп міндет қойды Қасым-Жомарт Кемелұлы. Өте дұрыс шешім. Қазіргідей Қазақ елінің мемлекеттілігіне күмәнмен қарап, негізсіз долбарларды айтып жүрген әлдекімдердің ауыздарына құм құю үшін де бұл керек. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірлерінде де осы жерде өмір сүріп, өсіп-өнген.

Соның бәрінде де ата-бабаларымыз ешқашан  жайбарақат, мамыражай күн кешпеген. Атақонысты сыртқы жаудан қорғап, жандарын шүберекке түйіп, дұшпанымен арпалысумен болған. Мұның бірқатары соңғы кездері түсірілген «Алмас қылыш», «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Кейкі батыр», «Тар заман» тарихи фильмдерінде көрсетіледі. «Бірақ, бұл әлі жеткіліксіз… Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін  міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын» дейді Президент. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта, отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін бұл тапсырманың маңызы ерекше деп білеміз.

«Мемлекеттік тілді білу – еліміздің әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады…» деген Президент үндеуі тіл жанашырлары тілегінің ескерілгені деп түсінген ләзім. Осы орайда біз Алаш ардақтысы Халел Досмұхамедұлының «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деген қағидалы сөзін жастар санасына сіңіруіміз қажет.

Президент мақаласындағы «…тоқымдай жер қымбат, бір уыс топырағымыз алтын» деген тұжырымның да ерекше мәні бар. Жас ұрпақ елі мен жерін сүю үшін Қазақстанның ғажайып жауhарларын білуі тиіс. Жер жәннатын алыстан іздеудің қажеті жоқ. Осы орайда мақалада батыста Бозжыра мен Шерқала, күнгейде Ақсу-Жабағылы мен Сайрам-Өгем, Жетісуда Хан тәңірі мен Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Қапал-Арасан, Алтынемел мен Бұрхан бұлақ, шығыста Мұзтау мен Шыңғыстау, Марқакөл мен Рахман қайнары, Арқада Бурабай мен Баянауыл, Ұлытау мен Қарқаралы, теріскейде Имантау мен Айыртау сынды табиғаты әсем жерлеріміз бар екені де атап айтылады.

Мақаланың ең құндылығы – осында өрілген өрелі ойлардың ұрпақ үшін терең мәні бар екендігі. Осы орайда Мемлекет басшысы жастарға үлкен сенім артады. «Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті, әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз…» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Осы орайда талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты арнайы грант тағайындауды да ұсынды.

Міне, ел болашағы – жас ұрпақ үшін мұндай қамқорлық пен зор сенім арту нені көрсетеді? Бұл дегеніміз – тәуелсіз Қазақ елінің келешегі кемел екендігі, аға ұрпақтың абыройлы эстафетасы сенімді қолға тапсырылатындығы. Бұған, шүкір, күмән болмауға тиіс.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы – ел егемендігін тұғырлы етудің нақты бағдарламасы деп қабылдаймыз. Олай болса, онда күн тәртібіне қойылған міндеттерді орындауға өз үлесімізді қосу – баршамыздың да басты міндетіміз.

Бақытгүл ХАМЕНОВА,
Атырау облысы әкімінің орынбасары

 
ID: 0
Тегтер: АтыраубағдарламаБақытгүл ХаменоваҚазақстан
Алдыңғы жаңалық

Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Келесі жаңалық

Атыраулық фельдшер жүкті әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып алды

Ұқсас жаңалықтар

жетім
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Жетім саны азайған жылдар

Сәуір 23, 2021
ауыл
Әлеумет

Ауылға бөлінген 800 млрд қайда жұмсалады?

Сәуір 23, 2021
бай мен кедей
Әлеумет

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 2021
бетперде, баға, қымбатшылық
Жаңалықтар

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетім саны азайған жылдар

Сәуір 23, 09:00

Ауылға бөлінген 800 млрд қайда жұмсалады?

Сәуір 23, 08:30

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 08:00

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 07:56

Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

Сәуір 23, 07:34

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Сәуір 23, 07:03

Бітімгерлік миссиялары: бейбітшілік – басты құндылық

Сәуір 23, 07:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жетім

Жетім саны азайған жылдар

Сәуір 23, 2021
ауыл

Ауылға бөлінген 800 млрд қайда жұмсалады?

Сәуір 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»