Қазақстан футзал құрамасы әлемдік «Futsalplanet Awards» номинациясына ұсынылды
Қазақстан футзал құрамасы әлемдік «Futsalplanet Awards» номинациясына ұсынылды
219
оқылды
Қазақстан  футзал құрамасы халықаралық «Futsalplanet Awards 2020» номинациясына ұсынылды. Қазақстан құрамасы өз тарихында осымен  үшінші рет "Futsalplanet Awards 2020" номинациясына ұсынылып отыр. «Futsalplanet Awards» – шағын футболдан әлемнің үздік құрамасына берілетін сыйлық. Сонымен қатар бас бапкер Кака ұлттық құраманың үздік жаттықтырушысы сыйлығына үміткерлердің бірі болса, «Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита «Әлемнің үздік қақпашысы» номинациясына ұсынылды. 2020 жылы Қазақстан құрамасы төрт ойын өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Әлем чемпионатына жолдама алып, 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады. Әлемнің үздік құрамасы атағына үміткер елдер тізімі: 1. Аргентина; 2. Бразилия; 3. Чехия; 4. Қазақстан; 5. Марокко; 6. Португалия; 7. Ресей; 8. Сербия; 9. Испания; 10. Венесуэла.